Қазақстан премьер-министрі
Уикипедиядан
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі — Қазақстан Парламенті келісімімен тағайындалып, Қазақстан Республикасының Президентінің шешімімен қызметінен босатылады.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі:
- Үкімет қызметін ұйымдастыра, басқара отырып, оның жұмысына жауап береді;
- Тағайындалған уақыттан бастап бір ай көлемінде Парламентке Үкімет Бағдарламасы туралы баяндама жасайды, егер ауытқушылық болса, екі ай ішінде Бағдарлама туралы қайталап баяндама ұсынады;
- Үкімет қаулыларына қол қояды;
- Президентке Үкіметтің басты бағыттары мен олардың маңызды шешімдері туралы баяндайды;
- Үкімет қызметін ұйымдастыру мен басқаруға байланысты басқа да функцияларды атқарады.
[өңдеу] ҚР Премьер-Министрлерi
- С.А. Терещенко (1992 — 94);
- Ә.М. Қажыгелдин (1994 — 97);
- Н.Ө. Балғымбаев (1997 — 99);
- Қ.К. Тоқаев (1999 — 2001);
- И.Н. Тасмағамбетов (2001 — 03);
- Д. Ахметов (2003 жылдың шiлдесiнен);
- К.Қ. Мәсімов (2007 қантардан).