Әубәкіров, Тоқтар Оңғарбайұлы
Уикипедиядан
Ғарышкер | |
---|---|
Азаматтығы | Қазақстан |
Туған | 1946 ж. маусымның 27-інде «1-інші май» ұжымшары, Қарқаралы ауданы, Қарағанды облысы |
Мансабы1 | Зерттеуші-ғарышкер |
Ағымдағы мансабы | Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі комитетінің мүшесі |
Дәреже | генерал-майор |
Ғарыштағы уақыт | 7 күн 22 сағ 12 мин |
Іріктелуі | 1991 |
Тапсырыс(тары) | Союз ТМ-13 |
1 алдыңғы не ағымдағы |
Әубәкіров, Тоқтар Оңғарбайұлы — Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі комитетінің мүшесі. Қызылорда облысы № 44 сайлау аймағынан Мәжіліс депутаты. Қазақстанның тұңғыш ғарышкер-ұшқышы.
Мазмұны |
[өңдеу] Қысқаша өмірбаяны
1946 ж. маусымның 27-інде Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы, «1-інші май» ұжымшарында дүниеге келген, қазақ.
Жоғары білімді. Техника ғылымдарының докторы, профессор, академик, авиация генерал-майоры.
1965—69 жж. — Армавир Әуе қорғанысы ұшқыштарының жоғары әскери оқу орнында оқыды, ұшқыш- инженер.
1969 ж. КСРО Әскери әуе күштерінде.
1976 Авиация өнеркәсібі миниистрлігінің сынаушы ұшқыш мектебі, сынаушы ұшқыш.
1976—91 ж. А. Микоян атындағы Біріккен Конструкторлық Бюросының сынаушы ұшқышы, М. Громов атындағы Ұшу Сынақ Институтының сынаушы ұшқышы. Жұмыс кезінде 50-ден астам ұшақ түрін меңгерген. КСРО-да біріншіден авиация тасушы «Тбилиси» деген ауыр крейсерінің палубасына МиГ-29 асқын-дыбысты жойғыш ұшағын қондырды. Сынауыш қызметін бөлімей Мәскеу авиация институтын бітірген, аэрогидродинамика инженері.
1992 ж. сәуірінен — Қазақстан Республикасы қорғаныс мемлекеттік комитетінің төрағасының бірінші орынбасары, Қазақстан Республикасы Президентінің ғарыш игеру жөнінде көмекшісі.
Парламентке сайланудын алдында Қазақстан Республикасы Ұлттық аэроғарыш агенттігінің бас директоры, Алматы қаласы.
12 шақырылған Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты, 13 шақырылған Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің депутаты болып сайланған.
[өңдеу] Ғарышқа ұшуы
1991 Ю.А. Гагарин атындағы Ғарышкер дайындау орталығында әзірлгін бастады, сынаушы ғарышкер-ұшқышы, сынаушы. «Союз ТМ» ғарыш кемесінде және «Мир» орбиталды кешенінде сынаушы ғарышкер-ұшқышы жылдамдатылған машықтануын ұшу бағдарламасы бойынша өтті.
1991 ж. қазанның 2-інде Тоқтар Әубәкіров зерттеуші ғарышкер есебінде, Александр Волков және аустрия ғарышкері Франц Фибөк, «Союз ТМ-13» ғарыш кемесімен ғарышқа ұшуға кірісті. Апта бойы «Мир» орбиталды кешенінде жұмыс істеді. 1991 ж. қазанның 10-ында Тоқтар Әубәкіров, Анатолий Арцебарский, аустрия ғарышкері Франц Фибөк «Союз ТМ-13» ғарыш кемесімен Жерге қайтып қонды. Ғарышта өтеген мерзімі — 7 күн 22 сағат 13 минөт.
[өңдеу] Марапаттары
- «Халық Қаһарманы» атағы
- «Қазақстанның ғарышкер-ұшқышы» атағы
- «Отан» ордені (1995)
Кеңес Одағының:
- «Знак Почета» (Құрмет Белгісі) ордені (1987)
- «Герой Советского Союза» (Кеңес Одағының Ері) атағы (1988),
- «Золотая Звезда» (Алтын Жұлдыз) медалі (1988)
- «Ленин» ордені (1988),
- «Заслуженный Летчик-испытатель СССР» (КСРО еңбегі сіңірген сынаушы ұшқыш) (1990)
- «Летчик-космонавт СССР» (КСРО ғарышкер-ұшқышы) (1991)
- «Октябрьская революция» (Қазан революциясы) ордені (1991)
- «Золотая Звезда» (Алтын Жұлдыз) медалі (1995)
- «Алтын Крест» ордені 1988)
- «Алтын Крест» ордені (1993)
[өңдеу] Сыртқы сілтемелер
Ғарышкерлер заманнамасы | ||
алдыңғысы : | ғарышкер | соңғысы : |
Kenneth S. Reightler, Jr. | 257шы | Franz Viehböck |
Қазақстанның ғарышкері | ||
- | 1ші | Талғат Мұсабаев |