Қазақстан
Уикипедиядан
Қазақстан Республикасы |
|||||
|
|||||
Ұраны: Алаш! (тарихи); Алға Қазақстан! (ресми емес) |
|||||
Әнұраны: Менің Қазақстаным | |||||
Елордасы | Астана |
||||
---|---|---|---|---|---|
Ең ірі қаласы | Алматы (1 185,9 мың) | ||||
Ресми тілдері | Қазақ — мем., Орыс |
||||
Этникалық топтар | Қазақтар, Орыстар, Украиндар, Өзбектер, Ұйығрлар, Татарлар, Немістер | ||||
Ел басқаруы | Президенттік Республика | ||||
— Президент | Нұрсұлтан Назарбаев | ||||
— премьер-министр | Кәрім Мәсімов | ||||
Тәуелсіздік | КСРО елінен | ||||
— 1-ші хандық | 1361 ж. Ақ Орда | ||||
— 2-ші хандық | 1428 ж. Өзбек Ордасы | ||||
— 3-ші хандық | 1465 ж. Қазақ хандығы | ||||
— Жарияланғаны | 1991 ж. желтоқсан 16 | ||||
— Түгелденгені | 1991 ж. желтоқсан 25 | ||||
Аумағы | |||||
— Бүкіл | 2 724 900 km² (9-шы) | ||||
— Су (%) | 1.7 | ||||
Жұрт саны | |||||
— 2006 шілде 1 сарап. | 15 301,4 мың (62-ші) | ||||
— Тығыздығы | 5,6/km² (215-ші) | ||||
ЖІӨ (АҚТ) | 2005 сарап. | ||||
— Бүкіл | $125.5 млрд (56-шы) | ||||
— Тұлға басына | $8318 (70-ші) | ||||
АДТ (2004) | 0,0.774 (орташа) (79--шы) | ||||
Ұлттық ақшасы | Қазақстан теңгесі (KZT ) |
||||
Уақыт белдеуі | (UTC+5, +6) | ||||
Интернет үйшігі | .kz | ||||
Телефон белгілемесі | +7 | ||||
Радио белгілемесі | UN—UQ |
Қазақстан (Қазақстан Республикасы) — Еуразия құрылыпының қақ ортасында орналасқан мемлекет. Солтүстігінде Ресей Федерациясымен (6 467 км), оңтүстігінде Түрікменстан (380 км), Өзбекстан (2 300 км) және Қырғызстан (980 км) республикаларымен, шығысында Қытаймен (1 460 км) шектеседі, батыста Каспий теңізімен, оңтүстікте Арал теңізімен шайылады. Жер көлемі — 2717,3 мың шаршы километр. Жұрт саны 15301,4 мың (2006 шілде 1). Оның 9 008,0 мың немесе 58,9 % қазақтар құрайды. Республикада 131 ұлт пен ұлыстың өкілдері тұрады. Елордасы — Астана қаласы. Әкімшілік жағынан 14 облысқа бөлінеді. Мемлекеттік тілі — қазақ тілі.
Мазмұны |
[өңдеу] Әкімшілік аумақтары
Аумақ күйі | Саны |
---|---|
Облыс | 14 |
Қала | 85 |
Қала ауданы | ? |
Аудан | 160 |
Кент | 176 |
Аулдық аймағы | 2237 |
Әкімшілік-аумақтық құрылысы: Төменгі кестеде. Ауылдық аймаққа бiрiккен 7719 ауылдық елдi мекендер бар (2003).
Облыстар | Аумағы | Тұрғын жұрты | Орталығы | Орталық тұрғын жұрты |
---|---|---|---|---|
Ақмола | Көкшетау | |||
Ақтөбе | Ақтөбе | |||
Алматы | Талдықорған | |||
Атырау | Атырау | |||
Батыс Қазақстан | Орал | |||
Жамбыл | Тараз | |||
Қарағанды | Қарағанды | |||
Қостанай | Қостанай | |||
Қызылорда | Қызылорда | |||
Маңғыстау | Ақтау | |||
Оңтүстік Қазақстан | Шымкент | |||
Павлодар | Павлодар | |||
Солтүстік Қазақстан | Петропавл | |||
Шығыс Қазақстан | Өскемен |
Қала | Аумағы | Тұрғын жұрты |
---|---|---|
Алматы | ||
Астана | ||
Байқоңыр¹ | ||
¹Байқоңыр қаласы «Байқоңыр космодромы» мен бірге 2050 жылға дейін Ресей арендасында. |
[өңдеу] Жоғрапия
[өңдеу] Жұрттану
[өңдеу] Діні
Қазақстан жұртында 69 % мұсылмандар, 28 % православ христиандар, 2 % протестанттар бар
[өңдеу] Ұлттық құрамы
Қазақстанда 120-дан астам ұлт (этностар мен этникалық топтар) өкілдері тұрады. 2006 жылдың 1-шілдесіндегі жағдай бойынша қазақтардың саны 9008,0 мың адамды, орыстар — 3962,1 мың, украиндар — 444,7 мың, өзбектер — 433,5 мың, ұйғырлар — 231,4 мың, татарлар — 229,1 мың, немістер — 222,5 мың адамды құрады. Республика халқының жалпы санында ең көп үлес салмақты қазақтар — 58,9% және орыстар — 25,9% алып отыр. Басқа этностар мен этникалық топтар үлесіне республика халқының 15,2% тиесілі болып табылады.
2006 жылдың 1 қаңтарындағы жағдаймен салыстырғанда қазақтар саны 94,7 мың адамға, немесе 1,1%,-ға, тиісінше өзбектер — 4,6 мың, немесе 1,1%-ға, ұйғырлар — 1,6 мың, немесе 0,7-%-ға өсті; ал орыстардың саны 17,2 мың адамға, немесе 0,4%-ға, тиісінше украиндар — 4,1 мың, немесе 0,9%-ға, татарлар — 0,5 мың, немесе 0,3%-ға және немістер — 0,2 мың, немесе 0,1%-ға азайды.
[өңдеу] Жұрт саны
2006 ж. жылдың шілденің 1 күнінде Қазақстанда халық саны 15 301,4 мың адамды құрады.
Оның ішінде, 8763,9 мың (57,3%) адамды қалалық тұрғындар, 6537,5 мың адамды (42,7%) ауылдық тұрғындар құрап отыр.
2006 жылдың қаңтар-маусым аралығында республика халқының табиғи өсімі 63370 адамды құрады. Табиғи өсімнің жалпы коэффициенті 1000 тұрғынға 8,3 (8,1) адамнан келді.
Ағымдағы жылдың қаңтар-маусымында АХАЖ органдары тіркелу көрсеткіші бойынша 143210 (138882) туу фактілерін тіркеді. Туғандардың саны қалалық және ауылдық елді-мекендерде өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда, 3,3%-ға және 2,9%-ға өсті де, тиісінше 83566 және 59644 адамда құрады. Бала туудың жалпы коэффициенті 1000 тұрғынға 18,6 (18,4) сәбиді құрады.
Осы кезең ішінде өлгендер саны 79840 (80978) адамды құрап отыр, соның ішінде қалалық елді мекендер үлесі — 51186 (51661) және ауылдық жерлер — 28654 (29317). Өлімнің жалпы коэффициенті 1000 тұрғынға 10,29 (10,33) адам.
Өлімінің негізгі себептері қан айналымы жүйесі аурулары болып табылады, олардың үлесіне барлық тіркелген өлім оқиғаларының 52,9% (52,5%) тиесілі екендігі хабарланып отыр.
Осы кезең ішінде республикада 1 жасқа дейінгі 2049 (2087) баланың шетінеуі тіркелген. Нәрестелер өлімінің коэффициенті 1000 туғанға 14,7 (14,5) шетінеу. Перинаталдық кезеңде пайда болатын жағдайлар нәрестелер өлімінің ең көп тараған себептері болып табылады, одан ағымдағы жылдың қаңтар-маусымында 1037 (1021) нәресте шетінеді. Цифрлар тілімен айтқанда, барлық нәрестелер өлімінің 50,6% (48,9%)-ы осы жағдайға тиесілі болып табылады.
Биылғы жартыжылдықта некелесу мен ажырасулар саны, тиісінше 54994 және 17467 (48271 және 15183) құрады. Некелесу мен ажырасудың жалпы коэффициенті 1000 тұрғынға 8,5 (7,7) некені және 2,3 (2,1) ажырасуды құрады.
Елде халық көші-қонының оң айырымы сақталып келеді, 2006 жылдың 1 жартыжылдықтағы оның шамасы 18746 (14148) адамды құрады. 2006 жылы қаңтар-маусым аралығында Қазақстанға келгендер саны 2005 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 5008 адамға немесе 13,2%-ға, ал Қазақстаннан кеткендер саны 9606 адамға немесе 1,7 есе азайды. ТМД елдерінен келгендер мен сол елдерге қоныс аударғандар үлесі олардың жалпы санына шаққанда, 86,1% және 87,9% (88,7% және 66,4%) құрады.
Ал ел ішіндегі көшіп-қонушылардың саны 137220 (131019) адамды құрап отырған жайы бар.
[өңдеу] Экономика
[өңдеу] Мемлекеттік құрылысы
Қазақстан — 1995 жылғы тамыз 30 республикалық референдумда қабылданған Конституция бойынша — өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады. Қазақстан Республикасы — президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет. Республиканың ең жоғары өкілді органы — Парламент. Ол республиканың заң шығару қызметін жүзеге асырады. Парламент тұрақты жұмыс істейтін екі Палатадан: Сенаттан және Мәжілістен тұрады.
Сенат әр облыстан, республикалық маңызы бар қаладан және Қазақстан Республикасының елордасынан екі адамнан, тиісінше облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және Республика елордасының бірлескен отырысында сайланатын депутаттардан құралады. Сенаттың жеті депутатын Парламент өкілеттігі мерзіміне Республика Президенті тағайындайды.
Мәжіліс Республиканың әкімшілік-аумақтық бөлінісі ескеріле отырып құрылатын және сайлаушылар саны шамамен тең бір мандатты аумақтық сайлау округтары бойынша сайланатын алпыс жеті депутаттан тұрады.
Президент Үкіметті Конституцияда көзделген тәртіппен құрады. Республика Премьер-Министрі тағайындалғаннан кейінгі он күн мерзім ішінде Премьер-Министр Үкіметтің құрылымы мен құрамы туралы Республика Президентіне ұсыныс енгізеді. Премьер-Министр Республиканың бүкіл аумағында міндетті күші бар өкімдер шығарады.
Казақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі жеті мүшеден тұрады, олардың өкілеттігі алты жылға созылады. Конституциялық Кеңестің Төрағасын Республиканың Президенті тағайындайды.
Қазақстан Республикасында сот төрелігін тек сот қана жүзеге асырады. Заңмен құрылған Республиканың Жоғарғы Соты және Республиканың жергілікті соттары Республиканың соттары болып табылады.
[өңдеу] Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару
Жергілікті мемлекеттік басқаруды тиісті аумақтағы істің жай-күйіне жауапты жергілікті өкілдік (мәслихат) және атқарушы органдар (әкімдік) жүзеге асырады.
[өңдеу] Саясат
[өңдеу] Тарих
- Батыс түркі қағандығы
- Түркеш қағандығы
- Хазар қағандығы
- Оғыз мемлекеті
- Қимақ қағандығы
- Қыпшақ одағы
- Қарахан мемлекеті
- Хорезм шахтығы
- Жошы ұлысы
- Шағатай ұлысы
- Ақ Орда
- Көк Орда
- Ноғай Ордасы
- Сібір хандығы
- Өзбек Ордасы
- Моғолстан
- Қазақ хандығы
- Қоқант хандығы
- Хиуа әміршілігі
- Бокей хандығы
- Алаш Орда
- Қазақ АКСР
- Қазақ КСР
[өңдеу] Ғылым және білім беру
[өңдеу] Мәдениет
[өңдеу] Түсініктемелер
[өңдеу] Тағы қараңыз
[өңдеу] Сыртқы сілтемелер
- Президенттің ресми торабы
- Парламенттің ресми торабы
- Үкiметтiң ресми торабы
- Қазақстан Республикасының электрондық үкiметi
- Қазақстан Ашық Тізімдеме Жобасы (ODP)
Жоғрапия бағыттауышы |
---|
Орта Асия
Ауғанстан • Қазақстан • Қырғызстан • Қытай • Моңғолия • Өзбекстан • Тәжікстан • Түрікменстан Егеменді елдер: Арабстан • Ауғанстан • Әзірбайжан1 • Әрменстан • Баңладеш • Бахраин • Бруней • Бұтан • Виетнам • Гүржістан1 • Жапония • Иран • Ирақ • Исраел • Йемен • Куайт • Қазақстан1 • Қамбоджия • Қатар • Құрама Араб Әміршіліктері • Қыбыр • Қырғызстан • Қытай • Лаос • Лубнан • Малайзия • Малдивтер • Мианма • Моңғолия • Мысыр3 • Непал • Оңт. Көрея • Өзбекстан • Пәкістан • Пилипинес • Ресей1 • Сингапур • Солт. Көрея • Сүрия • Таиланд • Тайуан4 • Тәжікстан • Тимор-Лесте2 • Түркия1 • Түрікменстан • Ұман • Ұрдония • Үндінезия2 • Үндістан • Шри-Ланқа Тәуелді және басқа аумақтар үшін Тәуелді аумақтар тізімін және Танылмаған елдер тізімін қараңыз. Албания • Алмания • Андорра • Аустрия • Әзірбайжан1 • Әрменстан2 • Беларус • Белгия • Босна-Гершек • Бұлғарстан • Гүржістан1 • Дания • Естония • Ирландия • Исландия • Испания • Италия • Қазақстан1 • Құрама Патшалық • Қыбыр2 • Латвия • Лихтенштейн • Литуания • Лүсембор • Мажарстан • Македония • Малта • Молдова • Монако • Недерландия • Норуегия • Полония • Портуғалия • Ресей1 • Румыния • Сан-Марино • Слоуакия • Слоуения • Сырпыстан • Түркия1 • Украина • Уатиқан • Финландия • Франсия • Хыруатия • Черногория • Чехия • Ісуішия • Ісуішірия • Юнанстан Тәуелді және басқа аумақтар үшін Тәуелді аумақтар тізімін және Танылмаған елдер тізімін қараңыз. |
Халықаралық ұйымдар |
---|
TÜRKSOY (Түркі мәдениетін және өнерін дамыту Халықаралық Ұйымы)1
Мүше елдер: Қараушы елдер: Аңғартпалар: (1) Ұйымға кірмеген аумақтарды басқа түркі тілді аумақтар тізімінен қараңыз; (2) Құрамына Нахшыван Аутономиялық Республикасы кіреді; (3) Құрамына Қарақалпақстан Аутономиялық Республикасы кіреді; (4) Ресей Федерациясының федералды субъекті; (5) Молдова Республикасының аутономиялық аумақ бірлігі; (6) Солтүстік Қыбыр Түрік Республикасын тек Түркия Республикасы танады, халықаралық қауым бұны Қыбыр Республикасын аумағы деп санайды. Албания • Құрама Араб Әміршіліктері • Ауғанстан • Әзірбайжан • Баңладеш • Баһрайн • Бенин • Бруней • Буркина-Фасо • Гинея-Биссау • Ғабон • Ғайана • Ғамбия • Екуатор Гинея • Жезаир • Жибути • Ирақ • Иран • Йемен • Кот-д-Ивуар • Куейт • Қазақстан • Қамерун • Қатар • Қоморлар • Қырғызстан • Либия • Лубнан • Малайзия • Малдивтар • Мали • Мағрип • Мозамбик • Моритания • Мысыр • Найжирия • Нижер • Өзбекстан • Пәкістан • Паластин • Арабстан • Сенегал • Сиерра-Леоне • Сомалия • Судан • Суринам • Сүрия • Тәжікстан • Тунисия • Түркия • Того • Түрікменстан • Уганда • Ұман • Үндінезия • Ұрдония • Ташад Әрменстан • Әзірбайжан • Беларусь • Гүржістан • Қазақстан • Қырғызстан • Молдова • Өзбекстан • Ресей • Тәжікстан • Украина |